Соңғы 3 жылда Жапония мен Қытай алғаш рет қаржылық серіктестігін талқылайды

506

 

Жапония мен ҚХР-дың қаржы министрлері 6 маусымда соңғы үш жылдан бері алғашқы кездесуін өткізеді. Бұл туралы Жапония қаржы министрлігіндегі дереккөздеріне сілтеме жасай отырып жапондық басылымдар хабарлайды.

«Біз макроэкономика бойынша және екі тараптың серіктестігін көпжақты форматта дамыту туралы пікір алмасамыз», — деп атап өтеді дереккөз.

Келіссөздерге Жапония ведомствасының басшысы Таро Асо және қытайлық әріптесі Лоу Цзивэй қатысады. «Күн тәртібінде АИИБ (Азиялық инфрақұрылымды инвестициялар банкі) туралы мәселе де болуы мүмкін және біз бұған дайындалып жатырмыз», — деп мәлімдеді жапондық қаржы министрлігі.

ҚХР ұсынысымен құрылған АИИБ құрамында 57 ел бар. Алайда G7-ге мүше АҚШ, Жапония және Канада тәрізді елдер бұл жобаға қатыспайды. Батыстық басылымдардың атап өтуінше, АИИБ Әлемдік банкке бәсекелес ретінде құрылып, Американың наразылығын туғызып отыр.