Петропавл. 8 қараша. 7kun.kz — Солтүстік Қазақстан облысында 10 ай ішінде жергілікті бюджетке 27 млрд теңге түсті. Бұл туралы аймақтың қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкiмжанов СҚО әкiмi Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте мәлімдеді.
«2016 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыстың жергiлiктi бюджетiне 26 987,8 млн.теңге қаражат күтiлсе, жеке кiрiс 27 640,4 млн. теңгенi немесе 102,4%-ды қамтыған. Артығымен орындау 652,6 млн.теңгенi құрады», — дедi мекеме басшысы.
Облыс әкiмi мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлiнген бюджеттiк қаражатты уақытылы игерудi тапсырды.
Cондай-ақ, лицензиялау саласында мемлекеттiк қызметтердi жүргiзу бойынша 2016 жылдың 3 тоқсанында 83 мемлекеттiк қызмет көрсетiліп, оның 39-на мемлекеттiк лицензия берiлсе, 44-не мемлекеттiк лицензия беруден бас тартылған.