S&P: Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері алдағы 1,5 жылда төмендеуі мүмкін

Халықаралық Standard&Poors рейтинг агенттігі Қазақстанның сыртқы экономикалық және бюджеттік көрсеткіштері алдағы 18 айда қазіргі ең жоғары деңгеймен салыстырғанда төмендеуі мүмкін. 

S&P есептеуінше Қазақстан экономикасы мұнай секторына өте жоғары деңгейде бағынышты, ресми мәлімет бойынша ЖІӨ-нің 15%-ын және 2014 жылдағы экспорт көлемінің жартысынан астамын құрайды. Әлемдік мұнай бағасы әлі де төмен болғандықтан, S&P сарапшылары осы жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 1998 жылдан бері салыстырғанда ең төменгі деңгейде қалады, ал ЖІӨ өсімі нөлге тең болады деп есептейді.

S&P мәліметінше, экспорт көлемінің қысқаруы тек мұнай бағасының төмендеуіне ғана емес негізгі мұнай кен орындарының өндірісіне де байланысты. Алдағы уақытта мұнай өндірісінің өсімі де нөлге тең болуы немесе құлдырауы мүмкін. Сондай-ақ агенттік сарапшылары ұлттық валютаның девальвациясына байланысты үй шаруашылығындағы тұтынушылық деңгейі де төмендеп жатқанын атап өтеді.

S&P болжамы бойынша Қазақстан экономикасы 2017 жылдан бастап қана белгілі бір деңгейде өсім көрсетуі мүмкін, бірақ 2017-2019 жылдар аралығында ЖІӨ өсімі тек 2%-ды құрайды. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жоғарылауына инвестиция көлемінің өсуі мен тұтынушылық қабілетінің қалпына келуі әсер етеді.

Мамандардың болжамынша, ЖІӨ өсіміне халықаралық мұнай бағасының қалпына келуі және елдегі ірі кен орны Қашағанның пайдалануға берілуі әсер етеді.