S&P: Қазкоммерцбанктың ұзақмерзімді рейтингісі «В-» дейін көтерілді

373

Халықаралық Standard&Poor’s рейтингтік агенттігі «Казкоммерцбанк» АҚ ұзақмерзімді кредиттік рейтингісін «ССС+»-тан «В-» дейін көтерді. Рейтингтің өзгеру болжамы – «Жағымсыз». Рейтингтің көтерілуі капиталдану көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты болды деп хабарлайды банктың баспасөз қызметі. 

Ұлттық меже бойынша рейтинг «kzB-»-тан «kzB+» дейін көтерілді. Банктің қысқамерзімді рейтингісі «С» дәрежесінде.

Капиталдану көрсеткішінің жақсаруы мен банктің табыс көрсеткішінің көтерілуін S&P агенттігі сондай-ақ жаңа мажоритарлық акционермен де байланыстып отыр. «2016 жылдың көктемінде мажоритарлық акционер Кеңес Рақышев тағайындаған ҚКБ-ның жаңа басшылығы бизнесті одан да тиімді дамытып (ең бастысы жеке сауда мен шағын және орта бизнесте), алдыңғы акционерлер мен басқарушы командамен салыстырғанда олардың жұмысы кезінде жинақталған түйткілді активтер бойынша проблемалық кредиттерді өтеуге бар күшін жұмсайды деп ойлаймыз», — делінген бұл туралы.

Сонымен қатар, рейтингтің өзгеруіне ертеде банктің жаңа басшылығы жариялаған стратегиясына сәйкес бөлшек сауда және шағын және орта бизнес компанияларына берілген несие үлесінің ұлғаюы мен құрылыс пен жылжымайтын мүлік секторындағы компанияларға берілген несие үлесінің азаюы негізгі факторлары әсер етті. Банк басшылығының пікірінше, осы рейтингтің өзгеруіне әсер еткен тағы бір жағымды фактор бар, ол — банктің 2016 жылғы шілдеде Еурооблигациялар бойынша борышын уақытында өтеуі.

Ал, банк қызметінің «Жағымсыз» рейтингісі бойынша болжамына сол кезде жалпы Қазақстанның банк секторы мен экономикасындағы жағымсыз үрдісінің әсері тиген.

«Standard&Poor’s агенттігінің Қазкоммерцбанктің ұзақмерзімді кредиттік рейтингісін көтеру жөніндегі шешімі қаржы институтының қызметін жағымды өзгерту үшін маңызды белгінің бірі. Біз жаңа стратегияны қабылдадық және бұл жұмыстың алғашқы нәтижесінің өзі біз дұрыс бағытты таңдағанымызды айғақтайды. Аз ғана уақыттың ішінде банктің негізгі көрсеткіштері жақсарды. Міне, сол себепті рейтингтік агенттіктің банк қызметіне деген көзқарасы өзгерді», — деді өз сөзінде банк басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Абай Искандиров.