«Star of Asia» фестивалін тікелей эфирден 118 ел көреді

446
«Star of Asia»
Фото: ucarecdn.com

Алматы. 18 тамыз. 7kun.kz — Ұйымдастырушылардың хабарлауынша музыкалық шоуды тікелей эфирден жер шарының 118 елі көретін болады, ал бұл бүкіл Еуропа, Азия мен Америка. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, Алматыда өтетін мәдени шараны АҚШ, Канада, Франция мен Германия, Корея мен Жапония, Ресей мен Қытай және басқа елдердің телеарналары таратады. Бұлардан өзге, «Star of Asia» фестивалін түсіру тобы Алматыға арнайы келген «Еuronews» телеарнасы да көрсетеді.

Мәдени шараны ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша қазірдің өзніде билеттердің 80 пайыздан астамы сатылып кеткен.

Естеріңізге саламыз, Алматыда мұндай форматтағы музыкалық фестиваль алғаш рет өтеді әрі ол «Азия дауысы» конкурсы дәстүрінің символикалық жалғасына айналады. Мәдени шара ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған және Қала күніне арналаған қомақты шаралардың бастауы болып табылады.