Төлем картасын қабылдайтын сауда орындарының саны 1,5 есе өсті

Алматы. 2 қараша. 7kun.kz – Бір жыл ішінде қолданыстағы карта саны 11 пайызға артып, 7,9 миллионды құрады. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Бұл мерзім ішінде карта арқылы Астана қаласында ең көп төлем жасалған. Орта есеппен бір POS-терминалда 36 активті карта пайдаланылады. Бір жыл ішінде Астанада  төлем картасын қабылдайтын сауда  орындарының саны бестен 9,9-ға дейін өсті.

Төлем карталары бойынша негізгі өсімді Алматы қаласы көрсетті. Мұнда активті карталардың саны бір жылда 397 мыңға артты. Бұл көрсеткіш Қазақстан бойынша – 764  мың. Төлем картасын қолданудың ең төменгі деңгейі – Оңтүстік Қазақстан облысында (177 төлем картасы).

Әйгерім РАХМЕТОВА, «7»