Тұрғын үй жылжымайтын мүлікке жасалған мәмілелердің саны 29 пайызға артты

29
Фото: Today.kz

Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – МЖӘ-нің 2017 жылы әсері: жылжымайтын мүлікке арналған мәмілелер саны 29 пайызға артты, ЕДБ ипотекалық портфелі 20 пайызға өсті, тұрғын үй 8 пайызға ұлғайды, деп мәлімдеді ranking.kz.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру экономикалық дамудың негізгі бағыты ретінде қарастыралады. Мемлекеттік сектор тарапынан бірқатар жаңа ипотекалық инструменттерді енгізуге байланысты тұрғын үй нарығы 2017 жылы жаңа серпінге ие болды. 2016-2017 жылғы қазан айында тұрғын үй заемдарының көлемі 178,4 млрд теңгеге артып, 2016-2017 қаңтар-қарашада жасалған транзакциялар саны 49 мыңға ұлғайды. Барлығы 220 мың транзакция жасалды.

Тұрғын үй құрылысы жоғарғы өсімге жетті. 2017 жылдың 11 айы ішінде жалпы ауданы 9,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Орташа алғанда, мың адамға 558 шаршы метр кіреді. 2016 жылдың қаңтар-қарашасында 502 шаршы метр пайдалануға берілді. Жеке меншік сектор тұрғын үйдің жалпы ауданының 87 пайызын (8,4 млн шаршы метр) құрады.

Соңғы жылдар ішінде салым бойынша ТҚЖБ келісім-шарттар саны 780 мыңнан 1 млн бірлікке дейін, 31 пайызға артты. Ал, займдар портфелінің ақшалай үлесі 329 млрд-тан 445 млрд теңгеге дейін, 35 пайызға өсті.