Түркия әуежайындағы жарылысқа қатысты бар 13 адам ұсталған

Фото: Reuters

Түркия әуежайындағы жарылысқа қатысты бар 13 адам ұсталған.Түркияның Yeni Safak үкіметтік газеті ресейлік жанкештінің бірі Дағыстаннан шыққандығын жазған. Газеттің жазуынша, шабуылды ұйымдастырған Шешенстаннан шыққан Ахмед Чатаев деген адам.

Чатаев БҰҰ санкциясына енгізілген адамдардың тізіміне енген. Ол «Ислам мемлекеті» радикалды ұйымның лидерлерінің бірі саналады екен. Ол орыс тілді содырларды жинап, соларды жаттықтырумен айналысады деп жазған газет.

Өз кезегінде Қырғызстан консулдығы түрік тарапы жанкештінің бірі қырғызстандық екенін ресми растаған жоқ дейді.

Ататүрік әуежайында болған теракті нәтижесінде соңғы мәліметтер бойынша 43 адам қаза тапқан, 240 адам жараланған.

Стамбулда жүргізілген рейд барысында терактіге қатысы бар күдікті 13 адам ұсталған. Тағы 9 адам Измирде тұтқындалған. Әзірге олардың Стамбулдағы терактіге қатысы бар, жоғы анықталып жатыр.