Төрт банк банкоматтарға қатысты ортақ қызмет ұсынды

301
төлем
Фото: insurancejournal.com

Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — Бүгін «Kaspi Bank» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ және «Сбербанк» АҚ ЕБ жергілікті банкомат желілерінде клиенттердің серіктестік шарттарында ақша алуы туралы келісім жасады. Бұл туралы банк баспасөз қызметі хабарлады.

4 банктің клиенттері келісімге қатысушы өзге банктің банкоматынан бір транзакция кезінде 200 мың теңгеге дейін және бір тәулікте 500 мың теңгеге дейін ала алады.

Келісім клиенттер үшін Қазақстан бойынша 2 500-ден астам банкоматта қолма-қол ақша алуды оңайлатады.

Келісімге қатысушы әр банктің өз клиенттері үшін ақша алудың жеке талаптары сақталады.

Төрт банктің төлем карталарын 3,5 милионнан астам қазақстандық қолданады.