Таңғы сессия: 1 доллар — 311,25 теңге

курс
Фото: kapital.kz

Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 11 cәуірдегі доллардың орташа бағамы 311,25 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 311,25 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 311,80 тг, сауданың аяқталуы кезінде 311,45 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 29 млн 600 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 107.

Ақша айырбастау орындарында 11 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 314.5 теңгені құраған.