Таңғы сессия: 1 доллар — 333,08 теңге

139
Альянс
Фото: ХОБИЗ.RU

Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 3 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 333,08 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332,79 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 333,29, сауданың аяқталуы кезінде 333,23 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 45 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 103.
Ақша айырбастау орындарында 3 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 335,10 теңгені құраған.