Таңғы сессия: 1 доллар — 335,02 теңге

248
теңге
Фото: 365info

Алматы. 1 қараша. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 1 қарашадағы доллардың орташа бағамы 335,02 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 334,80 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 335,20, сауданың аяқталуы кезінде 335,18 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 24 млн 600 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 94.

Ақша айырбастау орындарында 1 қарашадағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 336 теңгені құраған.