Тағы 8 қазақстандық Ухань қаласынан ұшып келді

70
тағы
Фото: gagadget.com

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан тарапының өтініші бойынша бүгін түнде Қытайдың Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанның арнайы борттарында ҚР-ның тағы сегіз азаматы қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Біздің бес азамат Ташкентте екі аптаның ішінде дәрігерлердің бақылауында болады, ал қалған үшеуі Тюменьде бақылауда болады. Эвакуацияланғандардың арасында бұрын температура салдарынан ҚХР эпидемиологиялық қызметі босатпаған Яньцзы Университетінің 1 курс студенті де бар. Ұшу алдында барлығы қосымша медициналық тексеруден өтті, жоғары температура немесе коронавирус симптомдары бар адамдар анықталған жоқ», — делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетейік, 3 ақпанда Қазақстан Уханьнан 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті эвакуациялады. Денсаулық жағдайын тексергеннен кейін келгендер астананың көп бейінді ауруханасы жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге орналастырылды. Клиника инфекциялық қауіпсіздіктің қажетті технологияларымен, заманауи диагностикалық, емдік және реанимациялық жабдықтармен жабдықталған, медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілген.