Таңғы сессия: 1 доллар — 386,9 теңге

377
Фото: smart-lab.ru

Алматы. 06 тамыз. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 386,9 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (386,44 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,46 теңгеге әлсіреді.

6 тамызда доллар бағамы жарты жылда алғаш рет рекордтық көрсеткішке жетті.

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 387,8 теңге, Алматыда – 388 теңге.