Таңғы сессия: 1 доллар — 387,44 теңге

64
доллар
Фото: tribun.com.ua

Алматы. 07 тамыз. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 387,44 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (386,9 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,54 теңгеге әлсіреді.

Доллар бағамы 6 тамыздағы сессия қорытындысы бойынша жарты жылдағы алғашқы рекордтық көрсеткіштен асып түсті.

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 12:36-да 390 теңге, Алматыда – 390,3 теңге.

Ұлттық банктің 7 тамыздағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 386,94 теңгені құрайды.