Таңғы сессия: 1 доллар — 390,11 теңге

таңғы
Фото: de.sputniknews.com

Алматы. 10 қазан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 390,11 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (390,02 тенге/$1) ұлттық валюта 0,09 теңгеге құнсызданды.

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те — 391 теңге, Алматыда – 392 теңге болды.

Ұлттық банктің 10 қазандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 390,09 теңгені құрайды.