Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 378,6 теңге

таңғы
Фото: dknews.kz

Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,62 теңгені құрады. Кешегі маусымдағы таңғы сессиямен салыстырғанда (378,45 теңге/$1) ұлттық валюта 0,17 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,81 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,61 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 9 млн 338 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 29.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 380,5 теңге.

Ұлттық Банктің 25 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,38 теңгені құрайды.