Таңғы сессияда теңге бағамы әлсіреді

54
таңғы
Фото: invest360.net

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,70 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,47 теңге/$1) ұлттық валюта 1,23 теңгеге әлсіреді.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,20 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,85 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,78 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 22 млн 500 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 47.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 381 теңге, Алматыда – 382 теңге.

Ұлттық Банктің 5 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 378,29 теңгені құрайды.