Таразда 13 жоба бойынша жеңілдетілген несие беру келісімдері қарастырылып жатыр

несие

Тараз. 22 сәуір. 7kun.kz — Тараз қаласында 13 жоба бойынша жеңілдетілген несие беру келісімдері қарастырылуда. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында хабарлады.

Оның сөзінше, «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы қаржыландыру көлемі 188,8 млн теңгені құрады. Барлығы 637 адам жұмыспен қамтылып, оның ішінде тұрақты жұмыспен 490 адам немесе 76,9%-ды құрады. Ағымдағы жылы осы бағдарлама аясында жалпы 2 млрд 088 млн. теңге бөлініп, 933 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында, 2015 жылы 3 млрд 438 млн теңгеге 69 жоба іске асырылса, 2016 жылдың өткен мерзімінде жалпы 1 млрд 244 млн теңгеге 13 жоба бойынша жеңілдетілген несие беру келісімдері қарастырылуда»,-деді Н.Календеров.