Таразда 6 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын мүлік заңдастырылды

791

Тараз. 4 тамыз. 7kun.kz — Тараз қаласыда заңдастырылған мүлік құны 6 млрд 161 млн теңгеге жуықтады, деп жазады BNews.kz.

Қолдағы бар капиталды және мүлікті жария ету өтінішітері 2015 жылғы 30 қарашаға дейін қабылданып, 1 айдың ішінде яғни, 31 жетоқсанға дейін қаралатын болады.

«Ақша және бағалы қағаздарды заңдастыру үшін еліміздегі кез-келген екінші деңгейлі банктерге өтініш білдіруге болады. Мүлікті жария ету акциясының мерзімі аяқталғанша ұлттық және шетел валютасындағы ақша Қазақстан Республикасындағы кез келген екінші деңгейлі банктерден Сіз ашқан жинақтық шотқа немесе поштаның ұлттық операторларына салуға, аударуға болады», — делінген Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ескере кететін жәйт, осы акция кезінде шетелде мүлкі мен капиталы барлардың заңдастырған мүлкі оның табысы болып есептелмейді. Акцияның жеңілдігі де осында жатыр.

Акция басталғалы бері Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына мүлікті заңдастыру туралы Тараз қаласының тұрғындарынан 852 өтініш түсті. Солардың ішінде 545 тұрғын жай, 194 тұрғын жай емес, 67 коммерциялық мақсаттағы нысандар жария етіліп, заңдастырылды. Заңдастырылған мүліктің жалпы құны 6 млрд. 160 млн. 752 мың теңгені құрап отыр.

Қазіргі таңда Тараз қаласының бір тұрғыны шет елде капиталының барын мәлімдеп, 5 млн теңгесін заңдастырды. Бұл акция басталғалы бері тіркелген алғашқы ерікті.