Таразда электроавтобустар шығаратын зауыт пайда болады

0
177
Таразда
Фото: inform.kz

Тараз. 22 қыркүйек. 7kun.kz — Таразда Quazar электрлі автобустарын шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы Тараз қаласы əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев Қытайға жұмыс сапары кезінде Higer Quazar өндіріс кешенінің өкілдерімен аталған объект құрылысын талқылады. Оның мəліметінше, кəсіпорынның қуаттылығы жылына 300 электробусқа дейін жетеді. Ал құны — 3 млрд теңге.

Сонымен қатар, екі жақ экологиялық таза қоғамдық транспортты қаларалық жəне қалаішілік сауда мəселелерін талқылады. Олардың айтуынша, Таразда жақын арада электроавтобустар жүре бастайды. Одан бөлек, қалада Қазақстанда жасалған аккумулятор батареялары өндірісі реттеледі.

Еске салсақ, жыл басында Алматыда экологиялық таза электроавтобустар шығаратын зауыт іске қосылды. Кəсіпорында екі Quazar электроавтобустары құрастырылды.


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ