Таразда TikTok түсірмек болған жүргізуші құрықталды

Тараз. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Тараздық полицейлер жол ережесін қатаң бұзған автокөлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келген кезде ВАЗ автокөлігінің иесі жылдамдықты асырып, қашуға әрекеттенген. Сондай-ақ, көлік жолаушылары өз әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, интернет желісіне салып отырған.

Автокөлік иесі жол ережесін қатаң түрде бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-тармағымен (Мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеген), 590-бабы 2-тармағымен (Мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ) және 599- бабы 2-тармағымен (Бағдаршамның тыйым салатын сигналынан өту) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік арнайы айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.