Тасымал қысқартылуынан сақтануға байланысты мұнайдың эталонды маркаларының құны қатарынан төртінші сессия бойы өсіп келеді. Бұл алдыңғы жылғы тамыз айынан бергі баға жоғарылауының ең ұзақ кезеңі деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Лондон биржасындағы Brent мұнайына арналған наурыз айының фьючерстері $1,97-ға (3,60%), ал арреліне $56,72-ға жоғарылады.
Нью-Йорк тауар биржасының электронды саудасында WTI мұнайына арналған наурыз айының фьючерстері $1,56-ға (3,13%), ал барреліне $51,12-ге көтерілді.
Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты 1 қарашадан бастап мұнайдың ең ірі әлемдік өндірушілері жоспарланған капиталдық шығындарды жылына 40 млрд долларға азайтты. Baker Hughes ақпаратынша, бұған қоса АҚШ-тағы мұнай өндіретін ұңғыма саны соңғы үш жылмен есептегенде ең аз мөлшерге азайды.
«Барлығы баға белгілеудің өсетінін көрсетті, ал қазір инвесторлар ортақ тенденцияны бақылап қана отыр», — деді Commerzbank сарапшысы Карстен Фритш.
Нарықтың бар назары 1 ақпанда басталған 1980 жылдан бергі ең ірі АҚШ мұнай өндіруші компаниялар қызметкерлерінің ереуілінде. Ереуіл басталған мұнай өндіруші компанияның қуат көлемі күніне 1,82 млн баррелге тең, бұл жалпыамерикалық көрсеткіштің 10%-ын құрайды.