Татьяна Савельева Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Фото: kapital.kz

ҚР Қаржы министрлігінің вице-министрі лауазымына Савельева Татьяна Михайловна тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды.

«Савельева Татьяна Қаржы вице-министрі болып тағайындалды», — делінген ведомство хабарламасында.

Татьяна Савельева бұған дейін министрліктегі  Бюджеттік жоспарлау департаментін басқарып келген.