Теңге бағамы жақында тұрақталады — Халық банк төрайымы

теңге курсы

Астана. 4 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова теңге бағамының жақын уақытта тұрақталатынын айтты.

«Менің ойымша, соңғы екі күнде теңге бағасы бойынша өте қызу жағдай орын алып жатыр. Мен тұтынушылар тарапынан әлеуметтік желілерде  доллар 400 теңге болады деген пікірлерін оқимын», — деді Үміт Шаяхметова.

Банк төрағасы Ұлттық банктің теңгенің әлсереуіне еш негіз жоқ деген мәлімдемесін атап өтті.

«Теңге курсы мұнай баррелінің бағасынан, және рубльдің долларға шаққандағы бағамына тәуелді. Менің пікірімше, алыпсатарлық жағдай орнады, сондықтан бұл алдағы уақытта тұрақталады. Біз бүгінгі биржаның өзінен теңгенің нығая бастағанын байқаймыз» — деді Халық банк төрағасы.

Банкирдің ойынша, тіркелген теңге бағамына қайта оралудың қажеті жоқ.
«Бағамның ауытқуына байланысты қиын кезең болды, Ұлттық банк тарапынан жаңа ақшалай-несиелік саясат қабылданды. Нарықтың барлық кәсіби қатысушылары дағдыланып, бүгінде тіркелген бағамды ұстанып отыр. Әсіресе мұнай бағасының құбылмалылығы кезінде, бұл мемлекет үшін өте қымбат», — деді ол.

Сонымен қатар, бағамды сақтай отырып та, өзінің алтын-валюталық резервтерінен айырылғанын айтып өтті.

«Бұл өте үлкен мөлшердегі активтер. Егер мемлекет алтын-валюталық резервсіз қалса, бүл үлкен мәселе. Бұл жерде, сол себепті, жаһандық жағдайға қарап баланс орнату керек»