Теңіз кен орнындағы ең алғашқы мұнай 2022 жылы алынады

Фото:oilcareer.ru

«Теңізшевройл» қатысушылары Теңіз кенорнындағы өндіріс қуатын арттыратын жобаны қаржыландыруға қатысты толыққанды шешім қабылдады. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихаты кезінде хабарланды. 

Консорциум мәліметі бойынша, қаржыландыру көлемі 36,8 млрд долларға дейін ұлғайтылады. Алғашқы мұнай 2022 жылы алынады деп жоспарланып отыр.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың атап өтуінше, жоба кезінде 20 мың жұмыс орны құрылуы қажет. Теңіз кен орнын ұлғайтқаннан кейін мұнай өндіру жылына 12 млн тоннаға артып, 39 млн тоннаны құрайды. ТШО есебі бойынша, жобаның шарықтау шегінде тәулігіне 900 мың баррель мұнайға дейін өндіруге болады.