Техниканы онлайн магазиннен сатып алу тиімді ме?

Фото: solidoneseven.com

14690795545nuhp_200-autoKaspi.kz онлайн-платформасы өз клиенттеріне банктік сайт стандартынан бөлек қызметтер ұсынады. Мұнда қолданушылар тұрмыстық техника, гаджеттер мен балалар тауарларын сатып алса болады. Сервис 2014 жылы іске қосылған. Бүгінге дейін платформа арқылы 140 мың тауар сатылған. 7kun.kz Kaspi.kz үлгісінде техниканы онлайн сатып алудың тиімділігін көрсетеді.

1. Kaspi-ге техника мен гаджеттер қайдан келеді? Бұл банк емес па?

Бірнеше жыл бұрын Kaspi Bank Kaspi.kz онлайн магазинін іске қосты. Сайтқа көптеген сатушылардың тауарлары қойылған. Онда тек тауарды таңдап қана қоймай, сатушының рейтингі, жеткізу шарты, тауар бағасын көре аласыз. Кaspi.kz банк іске қосқан қызмет ретінде тауарды үйден шықпастан бөліп төлеу немесе кредитке сатып алуды ұсынады.

2. Маған техниканы онлайн магазиннен сатып алудың қажеті не?

Зерттеушілер болашақ интернет магазиндерде дейді. Плюстері көп. Ешқайда барудың, кезекте тұрудың, күтіп, уақыт құртудың қажеті жоқ. Тауарды үйде немесе жұмыста отырып рәсімдеген соң, келесі күні үйіңізге «өзі келеді».

3. Маған Kaspi.kz арқылы алудың қажеті не, егер дүкендердің өздерінің онлайн қызметтері болса?

Дұрыс сұрақ. Бірақ Kaspi.kz-ті жасаушылар бұл туралы да ойластырған және клиенттеріне бірде-бір онлайн дүкенде жоқ мүмкіндіктер қарастырған. Мұнда тауарды үйден шықпастан бөліп төлеу арқылы немесе кредитке рәсімдей аласыз.

4. Пайызсыз бөліп төлеу? Мен шынымен артық төлем жасамаймын ба?

Иә. Ешқандай пайыз, комиссия, сақтандыру жоқ. Тек бір ғана шектеу бар. Бөліп төлеу 3 айға ғана. Бірақ бұл бюджетіңізді басқарудың тамаша мүмкіндігі емес па? Шығынды 3 айға бөлу арқылы бюджетіңізді үнемдей аласыз. Егер қаражатыңыз шектеулі болса, бірден төлегеннен гөрі бөліп төлеген қалтаңызға салмақ түсірмейді. Сонымен қатар тауарды алған соң бірінші төлемге дейін бір ай уақытыңыз болады. Яғни жалақыға қарамастан қалаған тауарыңызды сатып алсаңыз болады.

5. Егер маған төлем үшін тағы да уақыт керек болса?

Мұндай жағдайда тауарды жарты жылға немесе бір, екі жылға кредитке рәсімдеуге болады. Ыңғайлысы–ай сайынғы төлемді сайт арқылы бірден көріп, бақылай аласыз. Ол жерде негізгі қарыз бен пайыз анық көрсетілген. Онлайн кредит бойынша комиссия мен сақтандыру жоқ. Артық төлем аз. Біз 90 мың теңгенің тауарын кредитке есептеп көрдік: әртүрлі мерізім бойынша артық төлем айына 890 мен 830 теңге аралығында.

6. Сайтта тіркелу міндетті ме?

Егер сіздің белсенділігіңіз онлайн сатып алумен шектелсе тіркелу міндетті емес. Егер кредитке рәсімдейтін болсаңыз, өтініште телефон нөміріңіз бен ЖСН көрсету керек.

7. Егер маған тауар ұнамаса не істеймін?

14 күн ішінде тауарды қайтара аласыз. Егер тауар кредитке рәсімделген болса, оны жою үшін тауарды қайтарған дүкеннен қайтарғаныңыз туралы жазбаша хат алып, Kaspi Bank-ке келу қажет. Бұл үшін ешқандай комиссия, айыппұл қарастырылмаған. 14 күн үшін пайыз қосылмайды. Мүлдем. Егер сіз өтініш беріп, бірақ тауарды алғанға бас тартқыңыз келсе, 5555 тегін нөміріне қоңырау шалсаңыз болады. Бұл санаулы секундта ғана жүзеге асады. Өтінішіңіз тоқтатылады.

8. Kaspi.kz-те қандай тауар алсам болады?

Тауар түрлері өте көп. 300-ден астам тауар сатушы 15 мың тауар ұсынады. Бұл негізінен тұрмыстық техника, гаджеттер, балаларға арналған тауарлар.

9. Жақсы, мен өзіме кондиционер керектігін анықтадым. Kaspi.kz-ке кірдім. Ары қарай не істеймін?

«Магазин» бөлімін таңдаңыз, ары қарай тауарлар санатына өтіңіз. Біздің жағдайда «Үйге арналған техника» оның ішінде – «Ауа баптағыш техникалар». Қажетті үлгіні, сатушыны таңдаңыз. Өте ыңғайлы. Сайттағы шағын бөлшек дүкендер ұсынатын тауар бағасы төмен, сатып алушылардың бағалау рейтингі жоғары болуы мүмкін. Пікірлерді оқып, рейтингін салыстыра отырып, таңдау жасайсыз. Ары қарай төлем түрін – кредитке немесе қолма қол таңдап, өтініш бересіз. Бұл үшін телефон нөмірі мен аты-жөніңізді (егер кредит болса ЖСН бірге) көрсетіп, өтінішті рәсімдейсіз. Ары қарай Kaspi.kz менеджерінің қоңырауын күтесіз. Шын мәнінде сайт интерфейсі баршаға түсінікті. Сатып алуда қиналу мүмкін емес.