Теңге аздап нығайды

100
доллар
Фото: express-k.kz

Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 380,66 теңгені құрады. 4 мамырдағы таңғы сессиямен салыстырғанда (380,86 теңге/$1) ұлттық валюта 0,2 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 380 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 381,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 380 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 82 млн 546 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 214.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 381,5 теңге, Алматыда – 382,5 теңге.

Ұлттық Банктің 6 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 380,50 теңгені құрайды.