Теңге бағамы әлсіреді

118
әлсіреді
Фото: ic24.kz

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 378,09 теңгені құрады. 6 ақпандағы деректермен салыстырғанда (377,92 теңге /1 доллар) ұлттық валюта 0,17 теңгеге әлсіреді.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 380 теңге, Алматыда — 381 теңге.

Ұлттық Банктің 7 ақпандағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 377,56 теңгені құрайды.