Теңге тағы да құнсызданды

411
таңғы
Фото: kapital.kz

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz –  Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 384,19 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (383,83 теңге/$1) ұлттық валюта 0,36 теңгеге әлсіреді.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 383,90 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 384,23 теңге, жабылу курсы бір долларға 384,10 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 
58 млн долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 148.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 385,8 теңге, Алматыда – 386 теңге.

Ұлттық Банктің 4 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 383,94 теңгені құрайды.