Tengri Bank директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

56
Tengri Bank
Фото: informburo.kz

Алматы. 3 маусым. 7kun.kz – Тимур Қуанышев «Tengri Bank»АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Мұндай шешім Банк акционерлерінің жылдық жиналысында қабылданды, деп хабарлайды KASE.

Жиналыста Tengri Bank Директорлар кеңесіне Үндістанның Punjab National Bank өкілі Loveleen Kumar Malhotra және тәуелсіз директор Олжас Құрмановты сайлау туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, Тимур Қуанышев Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің рейтингісіне кіреді.

«Tengri Bank» АҚ — Қазақстанның коммерциялық Банкі. Заңды және жеке тұлғаларға банктік қызметтердің кең спектрін ұсынады. 41,64%-ы Punjab National Bank-ке (Үндістан), тағы 15,02% және 43,43% тиісінше үндістандық және қазақстандық инвесторларға тиесілі.