Доллар 2,91 теңгеге арзандады

2016 жылдың 1 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 361,42 теңге болды. Доллар 29 қаңтардағы күндізгі сессиямен салыстырғанда 2,91 теңгеге арзандады. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, дүйсенбі күні АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 359,5 теңгені құрады. Максималды курс — 362 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 359,6 теңге болды.

Күндізгі сессияда сауда көлемі 34 млн 300 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 43.

29 қаңтардағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша 1 ақпанға арналған доллардың орташа бағамы 364,79 теңге болды. Ал ақша айырбастау орындарында доллар 361-362 теңгеден сатылып жатыр (Алматы уақытымен 11:30).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.