Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz — АҚШ-тың қор нарығындағы бағалы қағаздар өсімді көрсетті. Investing мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың 4 мамырындағы сауда қорытындысы бойынша Russell 2000 индекстері 2,14%-ға, NASDAQ – 1,58%-ға, S&P 500 және Dow Jones-шамамен 1%-ға өсті.
Сондай-ақ, индекстерге кіретін акциялар да қымбаттады. Осылайша, ең үлкен өсім Tesla — 4,48%-ға (255,03 доллар), Amazon – 3,24%-ға (1962,46 доллар) және Alibaba — 2,53%-ға (195,21 доллар) байқалды.
Сондай-ақ, Microsoft акциялары 2,13%-ға 128,9 долларға дейін, Alphabet A – 1,98%-ға 1189,5 долларға дейін және Netflix — 1,57%-ға 385,03 долларға дейін өсті. Facebook қағаздары сауда қорытындысы бойынша 1,53%-ға қымбаттады. Олардың құны 195,47 долларды құрады. Ал Apple акциялары 1,24%-ға өсіп, 211,75 долларға саудаланған.