The Wall Street Journal басылымының материалдары елімізде қазақша және орысша тарай бастайды

41
Фото: golifa.com

Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz — «Курсив» газеті The Wall Street Journal-дың коммерциялық серіктесі болды. Енді қазақстандықтар америкалық іскерлік газеттің жабық материалдарына қол жеткізе алады. Басылым өкілдері Алматыдағы баспасөз конференциясы аясында ынтымақтастыққа келді.

«Бүгін бізде Қазақстанның барлық БАҚ нарығы үшін жақсы жаңалық бар. «Курсив» республикалық іскерлік апталығы және Kursiv.kz порталы Wall Street Journal-дың коммерциялық серіктесі болды. Бұл біздің басылымымыз үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық іскерлік журналистика үшін де маңызды қадам. Мұндай ауқымдағы басылымның серіктесті таңдауда өте жоғары талаптары бар екені құпия емес, біз осы тексеруден өткенімізді мақтан тұтамыз», — деді «Alteco Partners» ЖШС Бас директоры Марат Қайырбеков.

Қазақстандық газет әлемге әйгілі Wall Street Journal логотипін пайдалану құқығына ие болды.  Сондай-ақ,  «Курсив»  Wall Street Journal арқылы контентін орыс және қазақ тілдерінде тарататын болады.

«Мен осында қатысқаныма, және «Курсив» мен Wall Street Journal-дың жаңа серіктестігін атап өткеніме өте қуаныштымын. Қазір сапалы журналистиканың құндылығы бұрынғыдан да жоғары. Және «Курсив» Wall Street Journal үшін Қазақстанның ең танымал апталық бизнес-басылымдарының бірі ретінде табиғи таңдау болды. Біз жергілікті жаңалықтар мен халықаралық тәжірибенің үйлесімі керемет болады деп есептейміз. Бұл серіктестік «Курсив» оқырмандарына Wall Street Journal ақылы жазылушылары қол жеткізе алатын жабық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біз үшін ең таңғажайып нәрсе — бұл оқырмандар қазақ және орыс тілдеріне аударылған материалдарды бір мезгілде оқи алады», — деді Dow Jones International және Wall Street Journal Еуропа елдерімен коммерциялық әріптестік департаментінің өкілі Питер Коллинс.

Ынтымақтастық аясында «Курсив» газетінің серіктестері мен оқырмандары үшін Wall Street Journal-ға жылдық жазылу қолжетімді болады.

Айта кетейік, серіктестік «Курсивтің» редакциялық саясатына ешқандай әсер етпейді.

«Курсив» бас редакторы Динара Шумаеваның айтуынша,  Wall Street Journal-мен ынтымақтастық Қазақстандағы барлық іскерлік журналистиканың дамуына жаңа серпін береді.