Тіл үйрену орталықтарын қалай ашуға болады?

11767

Шет тілдерін үйренуге деген сұраныс жыл сайын арта түсуде. Отандық қандай-дабір компанияға жұмысқа орналасуға барсаңыз, ағылшын тілін білуіңіз міндетті талап ретінде енгізіліп жатыр. Шет тілін үйрену курстарына қатысу туралы мәліметтер сансыз. Ал ағылшын тілін үйрету орталығын қалай ашуға болады? Бизнесті қалай жолға қою қажет? Ағылшын тілі орталықтарын ашуға қанша қаржы кетеді? Сізге бизнес -жоспар ұсынамыз.

Ағылшын тілі курстары әр клиентке жеке түрде, топтық және ұжымдық түрде өтіледі. Әр топта 6 адамнан (топта оқитындардың көлемі түсіну тиімділігіне қарай бөлінеді, топта қаншалықты адам көп болса соншалықты түсіну тиімділігі аз болады).

Оқу бағыттары:angl

  • бизнес ағылшын тілі
  • дамушы ағылшын тілі
  • туристік ағылшын тілі
  • ЖОО-на түсуге арналған ағылшын тілі

Ағылшын курсының толық курсы 4 айды қамтиды, аптасына 3 рет, 1 сағат 15 минуттан. Толық курс ішінде 72 сағат оқиды. Оқыту бағдарламасы тыңдау, тәжірибе, сөздік қор, оқу, жазылу грамматикасы сияқты негізгі аспектілерден тұрады.

Нарыққа талдау жасау және маркетинг стратегиясы

Бұл нарықта бәсеке жоғары. Ал бәсеке жоғары болғандықтан, бұл бизнесте маркетинг стратегиясы өте қажет.

Қызметті жарнамалау. Радио, теледидар, газет, қаланың орталығындағы бизнес орталықтарында жарнама жасау. Шет тілдері курстары жайлы ақпарат ғана емес, оның мұғалімдері және курстың артықшылықтары туралы сайт ашылуы тиіс. Мектептер, ірі компаниялар, университтер және т.б. қоғамдық жерлерде жарнама қағаз тарату да өз әсерін тигізеді.  Жарнамалық қағаздар — жарнаманың ең арзан түрі.

Баға стратегиясы. Баға стратегиясы бойынша компания 2 қағиданы ұстану қажет: қалада бәсекелес ортаны қалыптастыру, қаланың орталығында орналасқан компанияларға қарағанда бағаның төмен болуы. Баға стратегиясы келесі іс-шараларды қамтиды:

  • Ашылған уақытында жеңілдіктерді қолдану құрылымы;
  • Тұрақты клиенттерге жеңілдіктерді қолдану құралымы;
  • Шығындарды өтеу бойынша бағаны қалыптастыру;

Қызметтер жүйесі

12124366_551832284969550_188484829_o-2

Бәсекелестер арасында артықшылықты таныту үшін оқу құралдарын ұйым өзі беруі керек. Тіл орталығының барлық күндері сенбі және жексенбіде сағат 20:00 дейін жұмыс істегені дұрыс.

Орта есеппен курстың жалпы мерзімі 4 ай, арнайы 2 ай. Кітапта 12 тармақ болса, айына 3 тармақтан оқуға болады. Курс аяқталған соң деңгейін анықтау үшін тестілеу алынып, сертификат беріледі.

Инвестициялық жоба 

вввв

Әр инвестиция бойынша есептеулер төменде көрсетілген.

Жиһаз және техникаға шығындар. Оқу орталығын ұйымдастыру үшін келесілер қажет:

12162506_725927067537640_447401998_o Ғимаратты жалға алу. Оқу орталығы үшін жалға алу кем дегенде 3 бөлмеден*5кв.м*2000 тг/квм= 30 000 теңге айына 3 топқа арналу керек (5кв.м*2000 теңге квм айына* 12 ай)

ғимаратты жалға алу

Қаражат айналымы. Қаражат айналымы ретінде оқуға арналған оқу әдістемелік құралдар мен аудио таспалар болады. Қаражатты тиімді пайдалану үшін оқу құралдар ай сайын студент түскенде сатып алынатын болады.

12067364_441453582708863_1259831296_nАдамар саны топтар саны мен түрлері бойынша жылдық табыстық есептеулерде есептелінеді. Орта есеппен топта 3 адам*5 топ *12 ай=180 адам, жеке топтарда 9 адам *12 ай= 108  адам, корпоративтік топтарда 5 адам *2  компания*12=120 адам. Барлығы 408 адам. Бір кітаптың бағасы 2000 теңге*408 адам = 816 000 /12 ай, осыған сәйкес айына 68 000 теңге.

Баға клиенттің қолайлылығына жуықталған, сәйкесінше сабақ бағасы да өзгереді, яғни 9600 тг/12 сабақ =800 теңге.

Оқу орталығы үшін орташа сабақтар саны

стжк

Айдағы сабақтар санының есептелуі: (айына 12 сабақ)*(айына 5 топ)=60*12ай= 720

Жылдағы сабақтар саны бойынша табыс (1 сабақ бағасы жуықталған)

сабақтардан табыс

Жылдық табыс сомасының есебі ( сабақ бағасы 800)* (жылдағы сабақтар саны 720 сабақ)= 576 000тг. Сабақ бағасы айына 9600тг/ 12 сабақ=800 тг. 1 сабақ.

Жалақы және бюджетке төлемдер. Компанияның тиімді жұмыс істеуі үшін келесі персоналдар керек:

Жалақының жылдық есептелінуі

қызметіНегізгі штат 4 адам: 3 оқытушы және даму бойынша менеджер -1. Оқытушылардың жалақысы 2013 жылғы минималды жалақыдан 18 520 теңге және жоғарыда келтірілген кесте бойынша топ түрлерін оқыту құнынан құралған. Мысалы, айына оқытылатын 16 топ, әрқайсысына 600 теңге * 12 айына сабақтар = 115 200 тг, егер 3 пропорционалды бөлінетін болса, она 38 400  теңге, барлығы 38 400+ 18 520 = 56 920 теңге минимум.

Әлеуметтік салық. Жоба басшысы әлеуметтік салықты өзі үшін екі айлық көрсеткіш шамасында және штаттан тыс еден жуушыны ескермегенде, әрбір жұмысшы үшін бір айлық көрсеткіште төлейді (1852*2 + 1852  МРП* 4 жұмысшы= 11 112 теңге*12 ай= 133 344). Әлеуметтік төлемдер міндетті зейнеткерлік төлемдерді шегергендегі, жалақы сомасынан 5%- ды құрайды (1026 мың теңге *(1-10%)*5%= 46 202 теңге).

Әлеуметтік төлемдердің есебі

әкімш

Әкімшілік шығындар

әкімшілік шығын

Барлық әкімшілік шығындар кеңсеге қажетті шығындардың орта нормасымен есептелген ( шығындар*12 ай) = 270 мың теңге.

Жобаны қаржыландыру

ЕДБ арқылы несие алуға, сондай-ақ «Жол картасы 2020» бюджеттік бағдарламасы бойынша сыйақы бизнес-инициаторлар/жобаларға субсидия алуға болады.

«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы да өз ісін ұйымдастыру үшін бюджеттік қаражаттардың бөлінуін қарастырады.

Жұлдыз Ерік «7»

Мәліметтер Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы дайындаған «Шағын бизнес үшін  100 жоба» кітабынан алынды.