ҚТЛ Қазақстанға қалай келді?

609
Фото:Today.kz

Апта басында қазақстандық-түрік лицейлері “Білім-инновация лицейі” деп ауысатындығы хабарлады. Бұл туралы “KATEV” халықаралық қоғамдық қоры хабарлады. 

“Мемлекет басшысының жеке қолдауы арқылы “KATEV” халықаралық қоғамдық қоры отандық білім беру саласындағы өз орнын тапты. Осының нәтижесінде, ҚТЛ қазақстандықтар арасында жоғары бедел мен құрметке ие болды. Қор басшылығының шешімі бойынша (Қордың құрылтайшылар кеңесі және ғылыми-әдістемелік кеңесі), оқушылар, ата-аналар және лицей директорлар кеңесі ребрендинг туралы идеяны қолдап отыр. “Білім-инновация лицейі” деп өзгертілуі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған”, – деп жазылған хабарламада.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағанбетов қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ал білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев кеңестің мүшесі болғаннан кейін қордың жұмысы жаңа бағытта дамымақ. Яғни білім министрлігі мен “KATEV” өкілдерінің жаңа жоспарлар құрып, жаңа идеялары жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.

Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлері

1992 жылы Қазақстан мен Түркия арасында түріктер тарапынан келетін білім беру мекемелерінің жұмысын үйлестіру мақсатында келісім-шартқа қол қойылған еді. 1997 жылы халықаралық “KATEV” қоғамдық қоры құрылды.  

Алғашқы қазақ-түрік лицейлері Қазақстанда 1992 жылы Алматы, Көкшетау және Кентау қалаларында пайда болды. Қазір елімізде 30-ға жуық қазақ-түрік лицейлері бар, олардың барлығы “KATEV” қоғамдық қорының бақылауында. Одан бөлек қарауында Сүлеймен Демирелі атындағы университет, Сүлеймен Демирелі атындағы колледж, Тараз қаласындағы Жамбыл экономикалық колледж, “Шахлан” бастауыш мектебі және халықаралық “НұрОрда” мектебі бар.  Ал қор Қазақстанның заңнамасына, халықаралық нормаларға және құрылтайшылардың келісім-шартына сай жұмыс істейді. Қор құрылтайшыларының құрамы 3 адамнан тұрады, барлығы да Қазақстан Республикасының азаматтары.

Лицейлер қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде білім береді. Ер балаларға, қыз балаларға арналған және ортақ болып үшке бөлінеді.

Түрік лицейлері өзге түрік тілді және мұсылман елдерінде де орналасқан. Қырғызстанда 25 түрік мектебі мен 2 университет, ал Тәжікстанда 6 білім беру ошағы бар. 1999 жылдан бері Ауғанстанда бір мектеп жұмыс істейді. Моңғолиядағы Үлгий қаласында да бір мектеп бар.

Білім немесе саясат?

Дегенмен саяси жағдайларға байланысты лицейлер жұмысы да өзгеріп отырады. 1999 жылы Өзбекстан мен Түркияның арасы нашарлағаннан кейін Ташкент елдегі барлық түрік лицейлерін жауып тастады.

2014 жылы Эрдоған Әзірбайжанған барғаннан кейін ел билігі 11 түрік лицейлерінің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Габона, Сенегал және Эфиопиядағы түрік мектептері де жабылды. Бірнеше жыл бұрын Түрікменстан мен Ресейдегі білім ошақтары қысқартылды. Тек Албания билігі ғана Эрдоған өтінішін орындаудан бас тартты.
2015 жылдың қаңтарында Тәжікстанның білім министрлігі егер қайырымдылық негізінде жұмыс істемейтін болса, тәжік-түрік мектептерін басқаратын “Шалола” компаниясымен серіктестікті ұзартпайтындығын хабарлады. Елде мұндай 6 білім беру ошағы жұмыс істейді, оқу ақысы – жылына 1000 доллар. Кейінірек Фетхуллах Гюленнің “Хизмет” қозғалысына қатысты тәжік-түрік мектептерінің барлығы “дарынды балаларға арналған” мектептерге айналатыны белгілі болды. Түрік тілін оқыту тоқтатылды. Ал шығын осыған дейінгідей оқушылардың ата-аналары есебінен төленеді.
“Жергілікті халықтың түрік мектептеріне деген көзқарасы біржақты емес, көпшілігі оларды жабу туралы да пікірлерін білдірген еді. Лицейлер пантюркизм идеясын үгіттеп, Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп санайды. Дегенмен көпшілігі түрік лицейлеріндегі білім беру деңгейі жергілікті мекемелердегі білім сапасына қарағанда жоғары екендігін мойындайды. Лицей түліктерінің көпшілігі еш қиындықсыз Тәжікстандағы және шетелдегі ЖОО-дарына түсе алады”, – деп жазады жергілікті басылымдар.
2014 жылдың сәуірінде еліміздің білім беру министрлігі қазақ-түрік мектептерін жабатын ниеттері жоқ екендерін мәлімдеді. Шенеуніктердің сөзінше, оқу орындары толығымен мемлекет қарамағында және “түрік билігі ол мектептердің жұмысына әсер ете алмайды”.
2016 жылдың шілдесінде Түркиядағы әскери төңкерісті ел билігі АҚШ-тағы Фетхуллах Гюлен ұйымдастыруымен болған деп жариялаған еді. Осыдан кейін түрік мектептеріне қатысты мәселе тағы да көтерілді. Түркияның төтенше жағдай және толыққанды өкілі Невзат Уянык ел билігінен қазақ-түрік лицейлеріне қатысты шара қолдануды өтінді, “Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін қазақ-түрік лицейлерінің Түркия үкіметімен еш қатынасы жоқ”, – деді ол. Түркия президенті Эрдоған да өз мектептерін Фетхуллах Гюленнің “террористік ұйымынан” тазартамыз деп мәлімдеген еді.  Бірақ еліміздегі ҚТЛ өз жұмыстарын әрі қарай жалғастыруды тоқтатқан жоқ.
 Реджеп Эрдоған саяси аренадағы басты қарсыласы деп есептейтін Фетхуллах Гюлен “Хизмет” қозғалысының негізін қалаушы. Түркияда бұл ұйым мемлекетке қарсы әрекет етеді және экстремистік сипатта деп саналады. Ел билігі Гюленді мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптап отыр.