Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталды

Фото: mgorod.kz

Астана. 7қараша. 7kun.kz — Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әскери сотында бизнесмен Тоқтар Төлешовке қатысты сот үкімі шықты. Оған «мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ» болды деген айып тағылып, 21 жылға сотталды.

Тengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Төлешовпен қатар, сот алдына басқа сотталушылар да келді, олар — мемлекеттік қызметке қатысы бар адамдар. Олардың ішінде әскери бөлімнің екі басшысы бар, сонымен қатар, ОҚО ІІД басшысының бұрынғы орынбасары бар. Сондай-ақ Тоқтар Төлешовтың ұлы — Төлеген де сот алдына келді.

Айта кетейік, 2016 жылдың шілде айында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төлешов Тоқтар Жүсіпұлына қатысты қылмыстық істің негізгі эпизодтары бойынша тергеу аяқталған болатын.