Тоқаев Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтады

Тоқаев
Фото: informburo.kz

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Президенттер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады», — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Өзбекстанмен көпжақты байланыстарды кеңейтуге мүдделілік танытты.