Toyota 100 мыңнан астам көлікті кері қайтарып жатыр

Toyota 100 мыңнан астам көлікті кері қайтарып жатыр

«Тойота Мотор» автоконцерні 101,354 мың Toyota Camry көлігін кері қайтаратындықтарын хабарлады. 

Хабарламада  кері қайтарудың 2011 жылдың 10 мамырынан бастап күні бүгінге дейін шығарылған модельдерге қатысты болатындығы айтылған.

«Зауытта шар тетігін айналмалы көлік бөлшегіне арнайы құрылғымен орнату кезінде шар тетігінің резіңелі тозаңдығына зақым келген болуы мүмкін», — делінген компания хабарламасында. Тозаңдықтың бұзылуынан шар тетігіндегі элементтерде кедергілердің пайда болып, жағармай ағып кетеді.  

Сондай-ақ, компания диллерлерінің  көлік иелеріне  қайтарылуы қажетті көліктерге жөндеу жұмыстарының қажеттілігін ескерткендері айтылған.  Машина иелері диллермен байланысу арқылы көлігінің кері қайтаруға жататын-жатпайтындығын тексере алады.