Трамптың рейтингі ең төменгі деңгейге құлдырады

146
Трамп
Фото: inosmi.ru

Вашингтон. 17 шілде. 7kun.kz — АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы 70 жыл ішіндегі ең танымал емес мемлекет басшысы болды. Бұл туралы ABC News пен The Washington Post-тың бірлесіп жүргізген сауалнама нәтижесінде айтылады.

Жарты жылда Трамптың мемлекет басқару рейтингі ең төменгі көрсеткішке дейін құлады. Қазір оның қызметін респонденттердің 36 пайызы ғана қолдайды. Ал 58 пайызы қарсы.

Айта кетейік, АҚШ-тың бұрынғы көшбасшылары Барак Обама мен кіші Джордж Буш алты айдың ішінде халықтың 59% қолдауына ие болған.