Travelsystem жағдайын шешу жөніндегі оперативтік штаб құрылды

439

Қазақстанның Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі Tengri Travelsystem туроператорымен болған жағдайды шешу жөніндегі оперативтік штабты құрды.

«Бүніннен бастап компания кеңселері жұмыстарын тоқтатты. Және компания шетелдегі серіктестеріне клиенттердің тұруы үшін жеткілікті сома төлеменгендіктен 600-ден 1000-ға дейін адам Түркиядағы өз қонақүйлерінен шығарылуы мүмкін», — деп мәлімдеді сәрсенбі күні Астанада журналистермен болған кездесуде инвестициялар және даму министрлігінің туризм департментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев.

«Шок жағдайындамыз. Бұлай болуына ен негіз болмады: компанияның Air Astana-мен келісімі болды, депозит салды, Қазақстандағы ондаған туристік агенттікпен тікелей шарттары бар», — деді Т.Дүйсенғалиев.

«Министрлік оперативтік штаб құрды. Анталиядағы консулдық осы жұмысқа кіріседі. Қазір сондағы адамдардың нақты санын білу үшін, қаншасына көмек керектігін анықтау үшін компаниялардан, туристік агенттіктерден ақпарат жинап жатырмыз. Бұдан әрі Түркияға қамтамасыз етілмеген рейстердің ұшуын болдырмау мақсатында шаралар қабылдаумыз тиіс», — деді ол.

«19 маусымға дейін Air Astana компаниясының рейстері орындалады және барлық жолаушылар қайтарылады», — деп уәде етті Т.Дүйсенғалиев.

Сонымен қатар ол Tengri Travelsystem компаниясының басшысынан әлі жауап алынбағандығын айтты, себебі ол «Еуропаға ұшып кеткен».

Т.Дүйсенғалиевтың айтуынша, қонақүйлерден шығарылып жатқан қазақстандық туристердің жағдайын шешу үшін Түркияға туристік қауымдастықтардың өкілдері аттануы мүмкін.

Ол әлі турларын пайдаланбаған туристер өтемақыны талап ете алатындығын айта кетті.

«Біз ұшқалы жатқандардың кетуін болдырмайтын шараларды және осында, ел ішінде олардың ақшаларын мүмкіндігінше қайтару жөніндегі рәсімерді қабылдап жатырмыз», — деді ол.

«Клиенттердің өзі залалды талап ету мақсатында құқық қорғау органдарына, сотқа жүгіне алады», — деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Travelsystem агенттігінің жабылып қалуына байланысты Түркияда демалып жатқан 700 қазақстандық қонақүйлерінен шығарылатын болды.

Сондай-ақ Travelsystem агенттігіне қатысты дау үшін депутат Романовская Исекешевті отставкаға жіберуді талап еткендігі туралы жазған болатынбыз.