Трейдер болудың тиімділігі қандай?

1893
Фото: investtalk.ru

Трейдер  – істі өз қаражаты есебінен және жауапкершілікті өз мойнына ала отырып жүргізетін, дербес шешім қабылдайтын, бизнесті жеке өзі басқаратын тұлға немесе жеке кәсіпкер. Қызметтің бұл түрі сауда жасаушылар арасында өте танымал. Қазақстанда мұндай қызмет енді дамып келеді. Сондықтан оның қыр-сырын көпшілігі түсіне бермейді. Осы себепті 7kun.kz қазақстандық кәсіпкер, «Қазақстандық арман» кітабының авторы Марат Әбиевтың трейдер болудың тиімділігі туралы жазбасын назарларыңызға ұсынады.

Трейдерліктің тиімділігі

Біріншіден, үлкен көлемдегі тауарды төменгі бағамен сатып алып, кейін қымбатына көтерме бағамен (мүмкін, бөлшектеп те ) өткізесіз.

Екіншіден, трейдер болған кезде кеңінен сатылатын өнімге қарағанда бағасы айтарлықтай  арзан өнімге қол жеткізе аласыз.

Үшіншіден, оны сатудың жолдарын қарастыруда түрлі тәсілдерді қолданып, шығармашылық көзқараспен қарайсыз.  Жаңа бастамаларды да қолға алуға мүмкіншілігіңіз бар.

Трейдер болу үшін…

Көптеген адамдар белгілі бір кәсіппен айналысу үшін сол іске деген бейімділік болуы тиіс деп ойлайды.    Жеке басыма  келер болсақ осы пікірге қосылмаймын және оны қате деп түсінемін.  Ешқандай қиындыққа қарамастан трейдер болуға ниетіңіз бар ма? Егер оң жауап берсеңіз қажетті қасиеттерді жүре келе бойыңызға  сіңіретін боласыз.  Трейдер болу үшін ең бастысы жігерлі, қайсар және ойыңыз ұшқыр болуы қажет

 Құпия стратегиялары

«KSP Stell»  зауытының ресми дилері болған шақта біз трейдерлер арасында кеңінен кездесетін мәселелердің біріне тап болдық.  Зауыт   бізге тауарды өткізу  үшін бергісі келмеді. Ал бізде істі бастауға салатын қомақты ақша жоқ.

Осы кезде көлемді тендерді ұтып алған олатынбыз. Сол бойынша тапсырыс беруші алдын ала 50%  ғана төлемді өтеуге келісті.  Бірақ тауарды толығымен жеткізуміз қажет.  Бұдан соң ғана  ақшаның 50 пайызын береміз деген-ді. Ал зауыт болса  ақшаны толық алған соң ғана бүкіл тауарды жеткізіп беремін деген шарт қойды.  Тапсырыс құны да аз емес, бақандай 1 млрд теңге.  Ал екі жақтың  да көңілін табу үшін менің компаниям өз қалтасынан 500 млн теңгені енгізуі тиіс болатын. Сонда  ғана тараптар  бір бірлеріне риза болып, тауар өндіріліп,  жеткізіліп, тендер шарттары орындалған  болушы еді. Бірақ өкінішке орай сауда үйінде ондай қаражат жоқ еді.

Нәтижесінде біз қандай амал ойлап таптық дейсіздер қой? Ұзақ уақыт бойы зерттеп, талдағаннан кейін менің командам  төлеудің револьверлік әдісі деп аталатын  амалды әзірлеген.  Оның жайы былай:  егер тапсырыс беруші 100 %-дық  алдын ала төлемді енгізуге қорқатын болса  тауарды тұтастай емес бөлшектеп жеткізіп беруге болады. Ал өндіруші де қорықпай әр жеткізген тауарына ғана  ақы алады.

Сонымен біз «KSP Stell»-ді және тапсырыс берушілерді де алаңдатып отырған мәселелерге жауап іздей бастадық. Біз үшін тапсырыс берушінің күдігін сейілту қажет. Ойлана келе бір тоқтамға келдік. Үлкен көлемді тапсырысты жеткізу барысында көбіне тауар үлгермей екі ортада тоқтап қалады. Ал уақытылы жеткізілмеген өнім үшін зауыт айыппұл төлеуге тиіс. Осындай талаптар қоятындығын тапсырыс берушілер де сан рет қайталаған. Сондықтан ақшаны бірнеше траншпен алатын болдық. Олқылықтарға жол бермеу үшін тауардың құнын толығымен емес, беске бөліп төлеуді ұсынамыз. Міне, «төлеудің револьверлік амалы».

Осылайша тендер жариялаған мекеме де тауар өндіруші де біздің ұсыныспен толық келісті. Сөйтіп біз алғашында зауытқа айына 2 мың тонна құбыр сату туралы берілген сертімізді орындаған едік.

«Қара үңгір»

Алайда көп ұзамай біз тағы да бір кедергіге тап болдық.

Қазақстанда қызмет ететін шетелдік компаниялардың бірі ымыраға келместен шарт қойды: біз оларға құбыр көлемін бөлмей жармай толық жеткізіп береміз, болмаса  мүлдем жұмыс істемейміз.  Сонымен қатар  2 айдан соң актіге қол қойғаннан кейін есеп айрысады! Бұл жағдайды естіген зауыт басшылығы төлем  мерзімін ұзарта алмайтындығын кесіп айтты.  Енді не істеуіміз керек?

  • Тапсырыс берушілермен жұмыс істеу барысында неге төлем мерзімін ұзарту жайын қарастырмаймыз? – дедім мен бас директордың қабылдауында болған кезде: — Ақысын кейін төлейтін болса жеңілдіктер берудің қажеті жоқ және бір жағынан сатылым көлемі де 5 есеге дейін артады.

Зауыттың   тауар айналымына ақшасы болмады деген күдікпен: Сіздің ақшаларыңыз жоқ па?! – дедім мен турасын айтып. — Мүмкін сондықтан төлеу мерзімін ұзартуға келіспей отырған боларсыздар ? Жоқ, Марат, — деді «генерал» сабырлы күйімен менің әдеп сақтамай төтесінен қойған сауалымды аңғармағандай кейіп танытып: — Қаржы мәселесіне келсек бізде бәрі жақсы.

— Онда не кедергі?

— Заңгерлерден бастап, қаржы директорлары мен акционерлер сізге сенім артпайды! – басшы біраз уақыт кідірді де, сөзін жалғастыра берді: — оларды түсінуге де болады. Бұл жерде қомақты қаржы, миллиондаған ақша айналасында әңгіме болып тұр.  Сіздер бізге қарасты  сауда үйіміз болсаңыздар да, жаңадан ашылған соң  сенімге  кіре қойған жоқсыңдар.

Ақтөбеге мен қатты абыржып жеттім. Зауыт төлем мерзімін ұзартып, талаптарымызды орындайды деген ниетпен барған едім.  Олай болмай шықты. Қап, неткен  қырсықтық өзі?! Алайда,  осы мәселенің шешу жолдарын таптық.  Бірақ ол үшін тығырықтан шығар әдістерді талмай іздеген едік. Үмітсіз шайтан дейтіндер дұрыс айтады екен ғой!

Біз заңгерлер, акционерлер мен зауыттың қаржы  директорлары  түсіністік білдірер  деп барымызды салдық.  Банкирлер  мен қаржы инвесторларымен  кездесіп  олардың да  пікірін тыңдадық.  Ақыры, үмітіміз ақталды.  Бізідің шот  арқылы тікелей (акцентсіз)  тауар  өндірушілерге  ақша аударып тұратын  болдық.  Мұндай әдіс  Қазақстанда бұған дейін қолданылған емес! Осы айланы «Қаржы үңгірі»  деп атап, тауарды алуға  қол жеткіздік  және   «KSP Steеll» жеткізіп беретін  өнім ақысының уақытылы  төленуін қамтамасыз еттік.

Жаңа әдістің қалай іске асырылғанын түсіндіріп берейін.  Біз банкіден арнайы есепшот ашқанбыз. Оған түсетін қаржыны  ешкім жолай тоқтата алмайды.  Ақша бірден зауыттың шотына түседі. Ашылған есепшоттың нөмірін біз сауда үйі мен клиенттер арасында  жасалған  барлық келісімшарттарда  көрсетінбіз.  Шотқа түсіп жатқан  ақша да   5 секундтың ішінде (!)«KSP Steеll»  зауытының шотына  өзіндік  құн  сомасы  түскенімен,  үстіндегі  пайда  бізде  қалады.  Осыған байланысты өндіруші  тарапынан  ешқандай  күмән туған жоқ.  Бұл бір жағынан  кепіл бола алады.

Сондықтан трейдер  болу үшін жігерлілік танытып, тың ойларды жүзеге асырудан қорықпаңыз.  Бұл шығармашылығыңызды да,  тапқырлығыңызды да  шыңдай түседі.  Әр түрлі жағдайлар болады.  Мен трейдер  ретінде құбыр сатумен айналыссам,  ал сіз мүмкін басқа  тауар шығаратын  компанияның өкілі боларсыз.  Ең бастысы көздеген мақсат  — бір.

Шиеленіскен жағдайда  оң шешім тауып табуды үйреніңіз, басқаша айтқанда жігерлі әрі әрекетті болған жөн.  Тіпті  өзіңізді  мықты  тапқырмын  деп ойласаңыз да  үнемі бірнеше  адам болып бірігіп шешім табуды тәжірибеге енгізіңіз.  Өйткені, өз командаңызбен  белгілі бір  мәселені талқылау кезінде  түрлі тиімді  әдісті тауып,  кезекті  жаңалық ашу мүмкіндігіңіз артады. «Қара үңгір» атты айламызды осылайша тауып едік.

Қания ТАБЫС «7»