«Тұрғын үй» жаңа банктік өнім әзірленді

банктік

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz – «Цеснабанк» АҚ және Алматы қаласының әкімдігі пәтер меншіктенушілерінің кооперативін қолдау үшін арнайы өнімді іске қосу туралы меморандумға қол қойды. 2017 жылғы 25 желтоқсанда Банк Алматы қаласының әкімдігімен қол қойылған меморандум шеңберінде «Тұрғын үй» атты жаңа банктік өнім әзірленді.

Алматы қаласының әкімдігі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, пәтер меншіктенушілерінің кооперативіне тиімді шарттарда әрбір басқарылатын үй үшін жеке банктік шоттар ашуға және оларды басқаруға мүмкіндік беретін өнімді шығару мақсатын қойды. Әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші болып «Цеснабанк» АҚ қолдау білдірді.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау «Цеснабанк» АҚ қызметінде маңызды басымдылық болып есептеледі.

Цеснабанк әзірлеп шығарған «Тұрғын үй» өнімі арқылы Алматы қаласының үйлерді басқару органдары үйлерді күтіп-ұстауға және жөндеуге қаражатты сақтау үшін банктік шоттар ашады. Сондай-ақ, арнайы тарифтер бойынша қызмет алу мүмкіндігіне ие болды. Аталмыш ынтымақтастық Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, тұрғын үй қатынастары саласында банк пен кондоминимум нысанын басқару органдары арасындағы өзара қатынастарды реттеуге жағдай жасайды.