Цеснабанктің басшылық құрамы өзгерді

Фото:Kursiv.kz

Алматы. 2 қараша. 7kun.kz — «Цеснабанк» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Марат Мұхамбетов 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап қызметінен кетті. Банк директорлар кеңесінде осындай шешім қабылданған деп жазылған KASE сайтында. 

Цеснабанктегі басшылық құрамы соңғы жылдары 2 рет өзгерген еді. 2015 жылы банктің негізін қалаушы Даурен Жақсыбек өз орнын Рустам Якупбаевқа босатты. Дегенмен ол ұзақ отырған жоқ, 2016 жылдың сәуірінде жаңа басқарма төрағасы болып Ержан Таджияқов тағайындалды.

 2010 жылдан бері банктің таза табысы өсіп келеді. 2015 жылғы есеп бойынша, 16 млрд теңгеден асты. Цеснабанк Forbes Kazakhstan-ның Қазақстанның ең жылдам өсуші 25 компаниясы рейтингінде 15-орынды және Қазақстан банктерінің ренкингінде 3-орынды иеленеді.