Түрік инвесторы Қазақстандағы жаңа зауытқа 270 млн доллар инвестиция салады

зауыт
Фото: prmaket.ru

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz – Жамбыл облысында 270 млн долларға сода күлін өндіретін зауыт салу жоспарлануда.

Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру өңірлік орталығында хабарлағандай, жоба 2022 жылға дейін Сарысу ауданында жүзеге асырылады.

«Сода күлін өндіруге арналған зауыт құрылысы 270 млн долларға жүргізіледі. Жобаның өтініш берушісі – Qazaqsoda, инвестор – Uildirim Holding түрік компаниясы», — деп қосты құрылымда.

Өндіріс қуаты жылына 400 мың тонна өнім құрайды, келешекте жылына 1,2 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар. Жұмысшылардың саны – 250-ден 500 адамға дейін. Іске қосылғаннан кейін кәсіпорын өнімді тек ішкі нарыққа ғана емес, ТМД елдеріне экспорттайтын болады.

Орталықта қазіргі уақытта өңірде геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы мақсатта түрік тарапы 1 млн доллар инвестиция салды.