Туризм саласындағы «National Tourism Awards 2019» Ұлттық жүлде жеңімпаздарының есімі белгілі болды

112

6 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында туризм саласындағы «National Tourism Awards 2019»  Екінші ұлттық жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы жылы  байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 114 туристік индустрия өкілдері яғни, қонақ үйлер, шипажайлар, туроператорлар, сондай-ақ, сала мамандары байқауға қатысуға ниет білдіріп, өтінімдерін қалдырған. Екі  кезең қорытындысы бойынша ақтық сынға әр аталым бойынша 3 үміткер шықты.

10 аталым бойынша жеңімпаздардың әрқайсысы лайықты марапатқа ие болды:

1.«Жылдың үздік туристік компаниясы» — «Limon.kz» туристік компания.

2. «Үздік гид -экскурсия жүргізуші»  — Сергей Дрозд 

3. «5 санаттағы  ең үздік қонақ үй» — Astana Marriott Hotel

4. «4 санаттағы  ең үздік қонақ үй» — Green Which Hotels  

5. «3 санаттағы  ең үздік қонақ үй» — Park Inn by Radisson Astana.

6. «Үздік шипажай» — «Оқжетпес»  емдеу сауықтыру кешені

 7.«Балалар мен жасөспірімдер туризмі бойынша жыл жобасы» «Ұлы дала  скауттары» ҚБ.

8. «Туризмді дамытудың үздік жобасы» — «Хабар 24»  телеарнасы «Большие города» жобасы.

9. «Туризм туралы үздік блогы» — Асем Орсаева «Сенің Шығыс Қазақстаның» туризм жайлы анықтама

10. « Оқиғалық туризм бойынша үздік жоба» — «Ұлы дала марафоны» жобасымен «Tengri Ultra» компаниясы.

«Kazakh Tourism «ҰК» АҚ және ұлттық компанияның серіктестері жариялаған 2019 жылғы арнайы аталымдарына келесі компаниялар жеңіске жетті:

1.    «Қазақстандағы туризмнің дамуына қосқан үлесі үшін» — Тугелбай Бекбергенов.

2.    «Туризмді дамыту бойынша үздік медиа ресурс» — Kazakh TV.

3.  «Қолөнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» Айжан Беккулова.

4. «Ең жасампаз блогер» Сәкен  Кагаров 

5. «Туризм саласының жыл меценаты» Сергей Спицын.  

Естеріңізге сала кетсек, іріктеу екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде  әр аталым бойынша Сараптамалық кеңес өтінім бергендердің ішінен байқауға қатысуға лайықтыларды таңдады.  Ал, екінші кезең барысында үздіктерді анықтау үшін барлық қазақстандықтар онлайн-дауыс беру арқылы таңдау жасауға мүмкіндік алды. Осылайша, онлайн-дауыс беру кезеңінде 12 мыңнан астам адам  лайықты үміткерге дауыс беру үшін Жүлденің ресми сайтына тіркелген. 

Айта кету керек,  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық Жүлде  биыл екінші рет өткізіліп отыр. Туризм саласының кәсіби қоғамдастығы, атқарушы билік органдары, ҮЕҰ және стейкхолдер арасында еліміздің беделді  туристік орталық ретіндегі имиджін қалыптастыру, сонымен қатар туристерге көрсетілетін қызмет деңгейін жақсарту мақсатында өткізілетін шара дәстүрлі алаңға айналды.


Байқағанымыздай, «National Tourism Awards 2019» байқауы 2 жыл ішінде кәсіби қауымдастықтың дамуына және ішкі туризм нарығындағы негізгі ойыншылардың бәсекеге қабілеттілігін  арттыруда. 

Ұлттық жүлденің маңыздылығын  көрнекті қоғам қайраткерлері, туристік қауымдастықтар өкілдері, блогерлер мен журналистер  атап көрсетті.