Түркістан облысында 18,5 млрд теңгенің жобасы пайда болады

133
контрабандалық
Фото: Today.kz

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz — Түркістан облысында 18,5 млрд теңгеге асыл металл өндіру жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.

Белгілі болғандай кәсіпорын 2021 жылы іске қосылады.

«Созақ ауданындағы Құмысты кен орнында» Теріскей» асыл металдар шығаруды жоспарлап отыр, инвестиция сомасы 18,5 млрд теңге», – деп түсіндірді ведомстводан.

Еске сала кетейік, биылғы жылы қазақстандық алтын іздеуде шетелдік компаниялар 2 млрд теңгеге жуық инвестиция салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта инвесторлар іздестіру жұмыстарына 832 млн теңге бөлді. Атап айтқанда, алтын кен орындарын іздеуге Ресей мен Түркиядан компаниялар тартылды.