Түркістан облысында мұнай өңдеу зауыты салынуда

зауыт
Фото: dribbble.com

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – Түркістан облысында 114 млрд теңгеге мұнай өңдеу зауыты салынуда.

Өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан хабарлағандай, жобаны іске қосу 2021 жылға жоспарланған.

«Қазіргі уақытта Ордабасы ауданындағы кәсіпорын құрылысының 30% — ы орындалды. Инвестиция сомасы 144 млрд теңгені құрады», — деп қосты ведомствода.

Зауыттың қуаттылығы жылына 1 млн тонна өнімді құрайды. 400 жұмыс орнын құру жоспарлануда.