Twitter 12 жылда алғаш рет пайда тапты

алғаш
Фото: TNW

Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz  – Twitter микроблогинг қызметі өзінің 12 жылдық тарихында алғаш рет таза пайда тапты. 2017 жылдың төртінші тоқсанында ол,  91,1 млн долларды құрады. Бұл туралы Twitter-дің өткен жылға жасаған есебінде айтылды деп мәлімдеді ТАСС.

Twitter-дің тоқсандық  кірісі жылына 2 пайызға артып, 732 млн доллар болды. Соның ішінде, жарнамадан түскен кіріс  1 пайызға  көбейіп, 644 млн доллар болса,  ал жарнамасыз кіріс 10 пайызға, 87 млн долларға жеткен.

Twitter қолданушыларының саны  2017 жылдың төртінші тоқсандығында 4 пайызға өсіп, 330 млн адамды құрады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша, GAAP компаниясының  таза шығыны  108 млн долларға жетсе, ал кіріс 2,4 млрд долларды құраған.

2017 жылға жасаған есепті жарияланғаннан кейін, Twitter-дің акциясы  Нью-Йорк сауда нарығында 26 пайызға өскен. Компанияның капитализациясы жылына 44% пайызға артып, 18,75 млрд долларға дейін жетті.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!