Uber әлемде қалай қымбат стартапқа айналды?

Uber

Осыдан жеті жыл бұрын смартфон көмегімен такси шақыруға болатын UberCab атты стартап жоба іске қосылды. Содан бастап Uber атауына ие танымал компания әлемнің түкпір-түкпіріне тарады. Қазір бұл қызмет 58 елде іске қосылған және 60 млрд долларға бағаланған. 

Алайда бұл қызметті іске қосу да оңай болған жоқ. Стартап бағасы өсті, инвесторлар жоба үшін кезекке тұрды. Дегенмен Uber реттеушілермен және бәсекелестікпен күресуге тура келді. Қазір бірнеше миниутта сәнді қара көлікті шақыруға мүмкіндік беретін қызмет жаһандық логистика қызметіне айналды. Бұдан бөлек Uber-дің дамуына дәстүрлі такси қызметтері мен жеке қызметшілер қиындық туғызды.

Компанияның ең ірі бәсекелесі қытайлық Didi Chuxing компаниясы болды. Оның да өзіндік тарихы бар. Алайда ұзаққа созылған «күрес» нәтижесінде компания 35 млрд долларға Uber-ге бірікті.

Енді нарықтағы күрес өзінің шегіне жеткен уақытта біз кері шегініп, компанияның белестерден өткеніне назар аударып көрелік. Uber қандай жолда қалыптасты және оның бас директоры Тр­э­вис Ка­ла­ник не істеді?

Маусым, 1998 жыл. Пирингтік іздеу жүйесін ұсынған Scour стартапы Disney корпорациясының бұрынғы президенті мен Yucaipa жекеменшік инвестициялық фирмасындағы Рона Бёрклдан инвестицияның алғашқы траншын алады. Ал Каланик осы жобаға қатысу үшін колледждегі оқуын тастайды. Осылайша ол Лос-Анжелестегі Калифорния университетінде оқиды.

Снимок

Қазан, 2000 жыл. Scour-ға бірнеше ойын-сауық компаниясы 250 млрд доллар көлемінде шағым түсірді. Осыдан соң корпорация банкротқа ұшырағаны туралы хабар таратты.

Снимок

Сәуір, 2007 жыл. Каланик 2001 жылы негізін қалаған RedSwoosh компаниясын Akamai корпорациясына 23 млн долларға сатып миллионер атанады. Оның сөзінше RedSwoosh компаниясыстал Scour компаниясын сотқа берген 33 компаниядан «кек» алып, оларды жеңу үшін құрылған.

Желтоқсан 2008 жыл. Осы жылы Каланик LeWeb технологиялық конференциясына қатысып, кейін Uber-ді құруға негіз болған идеяны естиді. Ол телефонның көмегі арқылы қымбат автокөлік пен оның жүргізушісін жалдау құнын төмендетуді ойлайды.

Снимок

Наурыз, 2009 жыл. Қара көліктер өкілін шақыруға арналған қызметті ұсынушы Uber компаниясы (ол кезде UberCab) құрылды. Алғашқы нұсқасын  Гэрретт Кэмп, Оскар Салазар және Конрад Уилан құрса, Каланик «мегаконсультант» рөлінде болды.

1
Гэрретт Кэмп

Қаңтар, 2010 жыл. Каланик Twitterдегі парақшасына геолокция негізінде құрылған жаңа жобаның бизнесін басқаратын адам керектігін жазады. Осылайша жазба арқылы Райан Грейвс компанияның бас директоры болады.

Маусым, 2010 жыл. Uber Сан-Франциско қаласында іске қосылады. Бірақ оның бағасы қарапайым таксиден 1,5 есеге қымбат болды. Алайда қажетті көлікті SMS жазу арқылы бір батырманы басып-ақ шақыруға болатын еді. Қызмет бірден танымалдылыққа ие болды. 2

Қазан, 2010 жыл. Uber қаржыландырудың алғашқы кезеңін жабады. 1,25 млн доллар көлеміндегі инвестиция First Round Capital компаниясынан, Каланиканың досы Крис Саккиден жәнеNapster-дің негізін қалаушы Шон Фэннингтан алынады.

3
Фото: Шон Фэннинг

Желтоқсан, 2010 жыл. Компанияның бас директоры болған Райан Грейвс онын Трэвис Каланикке босатады. Кейін Грейвс компанияны қайтадан басқарады және олардың екеуі де кім басқарса да «бәрібір» деген ой айтты.

4
Райан Грейвс және Трэвис Каланик (ортасында)

Ақпан 2011 жыл. Uber 11 млн доллар көлеміндегі А  сериясын қаржыландыру раундын жабады. Компания 60 млн долларға бағаланады. Раундты Benchmark венчурлы қоры жүргізеді және оның серіктесі Билл Гёрли Uber-дің дирректорлар кеңесінің құрамына кіреді.

5

Мамыр, 2011 жыл. Uber Нью-Йорк қаласында іске қосылады. Қазіргі уақытта компания үшін бұл қала ең үлкен және ең қиын нарық болып отыр. 2015 жылдың сәуірі мен 2016 жылдың сәуіріне дейін Uber орта есеппен мұна күніне 170 мың рет тасымал жасаған.

6

Желтоқсан, 2011 жыл. Uber халықараылқ экспансияны Парижден бастайды. 32 млн доллар көлеміндегі В  сериясын қаржыландыру раундын жабады. Оған Menlo Ventures, Amazon басшысы Джефф Безос және Goldman Sachs банкі қатысады.

7

Шілде, 2012 жыл. Uber құпия жобаларының бірі әрі бастапқы қызметке қарағанда әлдеқайда арзан Uber X қызметін іске қосады. Ол бастапқы жобаға қарағана 35%-ға арзан және Toyota Prius және Cadillac Escalade сынды ерекше көліктерді іске қосады.

8

Тамыз, 2012 жыл. Сан-Фанцискода Uber-дің басты бәсекелесі ретінде Lyft қызметі іске қосылады. Қалада «бағалар шайқасы» басталады.

9
Lyft-тің негізін қалаушылардың бірі Джон Циммер

Тамыз, 2013 жыл. Uber Үндістанға жіне Африкаға келіп, Google Ventures компаниясынан 258 млн доллар алу арқылы С сериясындағы қаржыландыру раундын жабады. Компания 3,76 млрд долларға бағаланады.

10

Сәуір, 2014 жыл. Uber UberRUSH деп аталатын велосипедтерді жеткізу қызметін ұсынады. Манхэттен аумағында жұмысын бастайды.

11

Желтоқсан, 2014 жыл. Uber қытайлық Baidu іздеу жүйесінен 600 млн доллар алады. Осылайша қытай картасының қызметі мен мобилді іздеу Uber қызметіне біріктіріледі.

14

Қаңтар, 2015 жыл. Uber Ганконг қаласында UberCARGO деп аталатын қызметті іске қосы. Мұның ерекшелігі — жоба жүкті тасымалдау қызметін ұсынады.

15

Сәуір, 2015 жыл. Uber жүк тасымалымен қоса бірнеше миниутта тамақ жеткізуге арналған UberEATS қызметін іске қосады. Жоба жұмысы Лос-Анджелес, Барселона, Чикаго және Нью-Йорк қаласында басталады. ҚАзір АҚШ-тың 23 қаласында қолжетімді.

17

ТАмыз, 2015 жыл. Францияда такси жүргізушілері өздерін Uber қызметшісімін деп санайтындарға қарсы наразылық шарасын өткізеді.

18

Қазан, 2015 жыл. Uber ресми түрде UberRUSH бағдарламасын іске қосады. Бұл 2014 жылдың сәуір айында эксперимент ретінде жүзеге асырылған болатын.

21

Ақпан, 2016 жыл. Uber ресейлік миллиардер Михаил Фридманнан 200 млн доллар көлемінде инвестиция алады.23Мамыр, 2016. Uber және Toyota екі компанияның ынтымақтастығы аясында «Өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қояды.

26

Шілде, 2016 жыл. Uber Венгрияда қиындыққа тап болады. Елдің заңы компанияның жұмысына кедергі келтіреді. Бүған елдегі таксистердің бірнеше айға созылған наразылық шарасы әсер етеді. Осылайша Uber Венгриядан кетеді.

28

Шілде, 2016 жыл. Шілде айының ортасында Uber арқылы қабылданған тапсырыс саны 2 миллиардқа жеткенін мәлімдейді. Компания осыдан жарты жыл бұрын ғана тапсырыстың 1 миллиард болғанын мәлімдеген.

29

Мәліметтер мен суреттер insider.pro сайтынан алынды